Колледждің шеберханалары мен зертханаларына экскурсия өткізілді

2022 жылдың 11 және 13 сәуірінде Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында №10 мектеп-интернатының және № 9 ЖББМ Ресурстық орталығының оқушыларына колледждің шеберханалары мен зертханаларына экскурсия өткізілді. Балалар колледж мамандықтарымен , материалдық-техникалық қормен, оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлерімен танысты. Балалардың мамандық алуға деген қызығушылығы жоғары, көбісі Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі студенттерінің қатарын толтыруға ниет білдірді