Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің кезекті отырысы

12 сәуірде Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа колледж президенті В.Зинченко, Президенттің орынбасарлары К. Штанке және Э. Хасенова, “Жастар дауысы” КВН командасының капитаны Т. Сабыров және басқалар қатысты. Жыл сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмысы, оған колледж белсенділерінен тұратын үгіт-насихат бригадасының қатысуы сияқты мәселелер қаралды. Сондай-ақ жақын арадағы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін өткізу мәселелері талқыланды. Студенттік кеңес секторларының, атап айтқанда КВН клубының жұмысы талқыланды.