Өлкетану

Өлкетану – Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжстуденттерінің сүйікті оқу пәндерінің бірі, ол студенттер оқитын жәнетұратын шағын аумақтарды (қала, аудан, облыс) жан-жақты зерттейді.Шағын аумақ тікелей жеке бақылаулар мен тексерулер, экскурсияларжәне кез-келген материалдарды жинау үшін қол жетімді.Бұл аумақта табиғаттың, халықтың өмірі мен қызметініңерекшеліктерін, тарихи өткенді, ескерткіштерді, мәдениетті және туристікресурстарды толығырақ білуге болады.Бірінші курс топтары осы оқу пәні аясында оқытушы М.С.Имбердиеваның жетекшілігімен біздің қала және аудан бойынша жаяу жәнекөшпелі экскурсиялар өткізеді. Бұл білім өскелең ұрпақтың патриоттық жәнерухани адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге баға жетпес үлесін қосады.