15 қарашада Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті

15 қарашада Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері жұмыс берушілер күні аясында дайындалған ашық іс-шараға, колледж студенттерінің шығармашылық және техникалық жұмыстарының көрмесіне қатысып, қамқоршылар кеңесінің құзыретіне кіретін маңызды мәселелерді талқылады.