Бағдарламашы күні

2019 жылдың 12 қыркуйегінде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледждің акт залында «Бағдарламашылар» күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мереке барысында «байланыс және бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Деминская Галина Цезарьевнаға сөз берілді.

Салтанатты мерекеде ПО-41, ПО-43, ПО-31, ПО-21, ПО-11 және ПО-12 топтары дайындаған нөмірлерімен сахнаға шықты.Мерекеге атсалысқан әр топ бағдарламалау ауқысында өз білімдерін көрсетіп, мерекеге белсене қатысты.

Бұл салтанатты шараға «Ақпараттық пәндер және байланыс» әдістемелік бірлестігінің төрайымы Өтетілеу Әйгерім Өтетілеуқызы жауапкершілігімен өтті. Салтанатты шара флешмоб биімен және қатысқан әр топқа мадақтама берілумен аяқталды.

Біз барлық бағдарламашыларды осы кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа  шығармашылық табыстар және оқуда сәттілік тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Автор: ПО-31 тобының

топ басшысы

Жакупбекова Аида.