Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеу құрметіне экологиялық акция

2021 жылғы 18 қыркүйекте Щучинск қ., Жоғары Техникалық Колледжінің студенттері Щучинск – Бурабай курорттық аймағы, Үлкен Шабақты көлі, Қарақыстақ шатқалы аумағында Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеудің қоғамдық онкүндігі шеңберінде  экологиялық акцияға қатысты.

Шараның басты мақсаты – су объектілерінің аумағын қоқыстан тазарту, экологиялық жағдайды жақсарту, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін арттыру.

Мүмкін, біреу сенбілікті ескірген іс деп санайтын шығар, алайда тазалық – мәңгілік ұғым! Экологиялық акциялар тек тәртіпке келтіру бөлігінде ғана емес, сонымен қатар колледж студенттері мен оқытушыларының  арасында командалық рухты сақтау үшін де қажетті және пайдалы іс деп сенімді түрде айта аламыз!