«Энергетика» мамандығы бойынша ТжКБ оқытушылары арасында кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі өтті

Шағалалы ауылының Жоғары гротехникалық колледжі базасында «Энергетика» мамандығы бойынша ТжКБ оқытушылары арасында кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Біздің оқу орнымыздан арнайы пәндер оқытушысы Ескендір Қ.Қ.қатысты.
Сайыс барысында Құрмет Қайырбекұлы жоғары деңгейде өзінің білімін, қабілетін және кәсіби шеберлігін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Ескендір Қ.Қ. 1 орынды иеленіп, республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды. Сәттілік тілейміз