ІТ-саласы бойынша ТжКБ оқытушылары арасында кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі

Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі базасында ІТ-саласы бойынша ТжКБ оқытушылары арасында «Графикалық дизайн» және «Веб әзірлеу» құзыреттері бойынша кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Посметухова К.Н., Шудабаев Р.М. қатысты.
Қатысушылар өз білімдерін, дағдыларын және кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Кристина Николаевна мен Рамиль Маратович 1-орынды иеленіп, енді республикалық кезеңде облысымыздың атынан шығуы тиіс. Сәттілік тілейміз!