Космонавтика күні

12 сәуір – Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде маңызды күн – космонавтика күніне арналған ашық іс-шаралар  өтті.

Мереке қарсаңында Студенттер космостың зерттеулеріне негізделген ғылыми фактілерді көрсететін қабырға газеттерін дайындады. Олар өте әдемі және мағыналы  болды.

Колледж кітапханасында көрме ұйымдастырылып, кез-келген адам біздің ғарышкерлердің өмірбаянымен және жетістіктерімен таныса алады! Отандық косманавтиканы дамытуға және ғарышты зерттеуге зор үлес қосқан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов!

Біздің еліміз үшін бұл ерекше мереке. Дәл осы қазақ жерінен тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин өзінің алғашқы ұшуын жасады, ал Байқоңыр ғарыш айлағы ғарыш кемелерінің орталығына айналды! Космонавтика күні – керемет  мереке! Біз оларды мақтан тұтамыз!!!