Квест түрінде ойын

Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде 2021 жылғы 6 сәуірде құқық оқытушысы Э.В.  Турищеваның басшылығымен студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық, білім беру үрдісіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағымсыз дағдыларын қалыптастыруға, жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін қажетті құндылық бағдарларын тәрбиелеуге бағытталған Квест-ойынның қорытынды іс-шарасы өтті!

Ойынға үшінші курс студенттері қатысты. Әр команда тіркеуден өтіп, атауын ұсынды және ұйымдастырушы белгілеген жағдайды ойын түрінде көрсете отырып, бейнеролик дайындады. Қорытынды ойында-командалар бейнероликтің мазмұнына түсініктеме беріп, қорғады, сондай-ақ демативаторларды дайындап, олардың мазмұнын қорғады.

«Капитандар турнирі – бұл команда капитандары этика және атикоррупциялық білім мәселелері бойынша зияткерлік жарыстардан өткен қорытынды тапсырма.

Квест-ойынның барлық кезеңдері қазылар алқасының бақылауымен өтті. Қазылар алқасының әр мүшесі өзінің хаттамасын және бағалау парағын толтырды. Талқылау және қорытынды шығару кезінде қазылар алқасы әр қатысушы және жалпы команда жұмысы бойынша өз пікірін білдірді. Командалардың конкурстық жұмыстары 5 балдық жүйе бойынша бағаланды. Жеңімпаздар бағаларды есептеу және қорытынды балды шығару негізінде анықталды. Әрқайсысы қазылар алқасы мүшелерінің көпшілік алдында өз шешіміне қатысты түсініктеме беріп, бағалау жұмысына қатысты.

Аталған іс-шара парасаттылыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне,  жағымсыз жақтарға тәрбиелеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына бағытталған.