Мәлік  Ғабдуллинге арналған адалдық сағат

Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің студенттері  арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында 20 қыркүйектен бастап тарихи тұлға Мәлік  Ғабдуллинге арналған адалдық сағаттары өткізілді. Қазақ руханиятында терең із қалдырған Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері.

Ол жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Мәлік Ғабдуллиннің “ата-аналарға тәрбие туралы кеңес” еңбегі-өскелең ұрпақты патриотизм мен батылдыққа тәрбиелеуде өз мәнін жоғалтпаған құнды еңбек. Бұл кітапта халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік функциялары ашылады.

Аталған адалдық сағаттарына 200-ден астам студент қатысты. Әсіресе, құқық мұғалімдері С. В. Злочевская мен Э. В. Турищева осындай іс-шараларды өткізуге жауапты көзқарасты атап өткім келеді.

Бұл адалдық сағаттары әдеттегідей жоғары эмоционалды деңгейде өтеді, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұсынған бейне әрдайым жарқын және терең мазмұнымен ерекшеленеді. Студенттер оны қызығушылықпен қарап, мазмұнын қызу диалогта талқылайды.

Бейне дәріске сілтеме: