«Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі»

Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде «Наурыз мейірім мен қайырымдылық мерекесі» қайырымдылық акциясы аясында іс – шаралар жалғасуда. Студенттер педагогикалық еңбек ардагерлеріне көңіл бөліп, қолдарынан келгенше көмек көрсетеді.

Мұндай акциялар колледждің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, ал педагогикалық еңбек ардагерлері студенттер тарапынан қамқорлық пен шынайы қолдауды сезінеді!