Оқу туристік жорығы

Біздің колледждің студенттік өмірі өте жарқын және сан алуан. Бүгін, 13 қыркүйек күні “Туризм” мамандығы бойынша студенттер, оқушылар бірінші күрделілік санатындағы жаяу оқу жорығына аттанды. Маршруттың ұзындығы – 120 км, ал ұзақтығы – 5 күн. Маршрутты өту кезінде студенттер картамен жұмыс істейді, жергілікті жерді шарлауды және лагерь құруды үйренеді.