Санитарлық тазалау және абаттандыру

15 қазанда Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес колледждің оқу корпустарын, жатақханаларын және шаруашылық құрылыстарына іргелес аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша кезекті іс-шара өтті. Қызметкерлер косметикалық жөндеу (ақтау, сырлау), аумақты қоқыстан және жапырақтардан тазарту жұмыстары жүргізділді.