Ғарышкерлер күні

12 сәуір – Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде Физика пәнінің оқытушысы П.Н.Лондарь дайындаған ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар өтті.
Бірінші курс студенттері ғарыш әлемінің зерттеулеріне негізделген ғылыми негіздерді көрсететін қабырға газеттерін дайындады.  Газеттер әдемі және мазмұнды болды.
Біздің еліміз үшін бұл ерекше мереке. Дәл осы қазақ жерінен тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин өзінің алғашқы ұшуын жасады, ал Байқоңыр ғарыш айлағы ғарыш кемелерінің орталығына айналды! Ғарышкерлер күні-керемет мереке! Біз мақтан тұтатын нәрсе бар!!!