Шығармашылық бағыттағы бірқатар байқаулар

Наурыз айында Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің Д-31 тобының студенттері шығармашылық бағыттағы бірқатар байқауларға қатысты: «Заманауи ұрпақ» халықаралық шығармашылық байқауы «Жауһар» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының республикалық байқауы, «Көктемгі шығармашылық марафон 2022» балаларға арналған республикалық қашықтық байқауы, суреттер және басқа да шығармашылық жұмыстардың облыстық конкурсы «Сәлем, наурыз – 2022».Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша топтың 4 студенті I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жарайсыңдар балалар! Алдағы уақытта шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!